+7 (701) 759 90 19
USD 377.09 EUR 407.37
RUB 5.93 CNY 53.95
Jańalyqtar

Теннис: Федерация кубогының іріктеу матчында Қазақстан мен Бельгия құрамалары кездеседі

2020 жылғы 27 қаңтар 18:12
Бөлісіңіз:
Теннис: Федерация кубогының іріктеу матчында Қазақстан мен Бельгия құрамалары кездеседі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 7-8 ақпан күндері Бельгияның Кортрейк қаласында Федерация кубогының іріктеу матчында Қазақстан әйелдер құрамасы корт иелерімен күш сынасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Теннис: Кукушкин Марсель турнирінің алғашқы айналымынан аса алмады Теннис: Рыбакина Дубайда Аустралия чемпионын ұтты Елена Рыбакина WTA рейтингінде ТОП-20 кірген тұңғыш қазақстандық теннисшісі атанды

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, осы кездесу қорытындысында жеңімпаз атанған команда Будапешт қаласында сәуір айында жаңа форматта өтетін финалдық сайысқа жолдама алады.

Аталмыш жауапты матчта ел намысын Юлия Путинцева, Зарина Дияс, Анна Данилина және Ярослава Шведова қорғайды.

Биыл Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына дейін жеткен әлемнің 38-інші және 73-ракеткалары Ю.Путинцева мен З.Дияс қазір бабында деуге болады. А.Данилина жұптық сындарда көбірек көзге түсіп жүр. Я.Шведованың басқа табыстарын айтпағанда, жұптық сында екі мәрте «Үлкен дулыға» турнирінің жеңімпазы атанған құрамадағы ең тәжірибелі теннисші екендігі белгілі.

Бельгия құрамасын әлемнің 17-ракеткасы Элизе Мертенс бастап шығады. Сондай-ақ рейтингте 81-сатыдағы Кирстен Флипкенс, әлемнің 115-інші және 119-ракеткалары Исалин Бонавантюр мен Гретье Миннен де осал қарсыластар емес.

Қазақстан құрамасының капитаны – Диас Досқараев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық қос теннисшінің шетелде өткен турнирде топ жарғанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT