Теннис: Евсеев пен Попко Санкт-Петербург турнирінің 2-айналымына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар Денис Евсеев пен Дмитрий Попко Санкт-Петербург АТР челленджер турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Д.Евсеев бастапқы кездесуін өзбекстандық Важа Узаковпен өткізді.

Денис қарсыласына бірде-бір гейм бермей, 6:0, 6:0 есебімен ұтты.

Бәсеке небәрі 33 минутқа созылды.

Қазақстандық теннисші матч барысында алты брейк жасай алды.

Д.Евсеев екінші айналымда отандасы, осы доданың 2-ракеткасы Дмитрий Попкомен кездеседі. Қай жеңгені ширек финалға өтеді.

Д.Попко алғашқы айналымда хорватиялық Нино Сердарушичті 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Жүлде қоры 52080 АҚШ долларына бағаланған жарыс 14 наурыз күні аяқталады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Е.Рыбакинаның Дубай турнирінің екінші айналымына шыққанын, А.Бубликтің Доха жарысын жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар