+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Теннис: Елордадағы матчта Надаль Джоковичті жеңді

2019 жылғы 24 қазан 21:00
Бөлісіңіз:
Теннис: Елордадағы матчта Надаль Джоковичті жеңді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Барыс арена» стадионында әлем теннисінің жұлдыздары Рафаэль Надаль мен Новак Джокович өзара шеберлік байқасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Теннис: Дмитрий Попко АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалына шықты Теннис: Кукушкин Вена турнирін жеңіспен бастады Теннис: Рыбакина Люксембург турнирінің ширек финалына шықты

Қазіргі таңда сербиялық Н.Джокович көш басында тұрғанымен, жуырда жаңартылатын рейтингте испаниялық Р.Надаль бірінші ракетка атанады.

Бұл екеуінің де атақ-даңқы жер жарады десек, артық айтқандық емес. Р.Надаль «Үлкен дулыға» турнирлерінде 19 мәрте чемпион атанса, Н.Джокович 16 рет топ жарған еді. Осыған дейін қарсыластардың 54 мәрте жолдары тоқайласса, соның 28-інде сербиялық спортшы басым түскен-ді. Оның үстіне Н.Джокович хард төсенішінде жақсы ойнайды. Елордадағы бәсеке де хард төсенішінде өтті. Дегенмен бұл бәсеке қайырымдылық әрі теннис сүйер жұртшылық көңілін көтеру мақсатында ұйымдастырылғандықтан, рейтингке ешқандай әсер етпейді.

Бірінші партияда Надаль брейкпен алға шықты – 3:1. Ол осы қарқынынан айырылған жоқ – 6:3.

Екінші сетте керісінше Джокович қарқынды ойнады – 6:3.

Есеп 1:1 болып теңескеннен кейін матч тағдыры үлкен тай-брейкте шешілді. Онда Надаль жеңіске жетті – 11:9.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын елордада Надаль мен Джоковичтің кездесуі басталғанын жазған болатынбыз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT