+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Теннис: елордада ерлер арасында халықаралық турнир өтеді

2020 жылғы 9 наурыз 11:03
Бөлісіңіз:
Теннис: елордада ерлер арасында халықаралық турнир өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елордадағы Ұлттық теннис орталығында ерлер арасында ATP челленджер турнирі басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Теннис: Голубев пен Недовесов Нұр-Сұлтан турнирінің жартылай финалына шықты Теннис: Қазақстан Дэвис кубогының финалдық турниріне жолдама алды Дэвис кубогы: Голубев пен Недовесов Қазақстанды алға шығарды

Халықаралық додада 11 қазақстандық теннисші бақ сынайды.

Достанбек Ташбулатов бүгін ресейлік Павел Котовпен кортқа шығады. Денис Евсеев тағы бір ресейлік Константин Кравчукпен сынға түседі. Александр Недовесов пен Тимур Мәуленов және Григорий Ломакин мен Сағадат Аяп өзара мықтыны анықтайды. Бекзат Үсіпбеков германиялық Тобиас Камкемен шеберлік байқасады. Данил Озернойдың қарсыласы – ресейлік Алексей Захаров.

Ертең Андрей Голубев норвегиялық Виктор Дурасовичпен, Тимур Хабибуллин тайваньдық Ян Цун-Хуамен кездеседі.

Рейтингісі жоғары болғандықтан, Дмитрий Попко жарысты екінші айналымнан бастайды.

15 наурызда мәреге жететін турнирдің бірінші ракеткасы – мысырлық Мохамед Сафват. Сондай-ақ германиялық Янник Маден, бельгиялық Киммер Коппеянс, аустриялық Юрий Родионов секілді рейтингісі біршама жоғары теннисшілер бар.

Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) бүгін жаңартылған рейтингісінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бұрынғы 17-орнында қалса, Юлия Путинцева 32-ден 33-ке, Зарина Дияс 61-ден 63-ке төмендеді.

Аустралиялық Эшли Барти бұрынғыша көш бастаса, румыниялық Симона Халеп, чехиялық Каролина Плишкова үздік үштікте келеді.

Коронавирус теннис турнирлеріне де өзгерістер енгізуде. Айталық, АҚШ-тағы Индиан-Уэллс додасы кейінге қалдырылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстанның Дэвис кубогының финалдық турниріне жолдама алғанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT