USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Теннис: Елена Рыбакина жұптық сында Индиан-Уэллс турнирінің финалына шықты

2021 жылғы 15 қазан 10:21
Бөлісіңіз:
Теннис: Елена Рыбакина жұптық сында Индиан-Уэллс турнирінің финалына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 16-ракеткасы Елена Рыбакина жұптық сында Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Australian Open: Аружан Сағындықова үшінші айналымға шықты Australian Open: Анна Данилина жұптық сында жартылай финалға шықты Дэвис кубогы: Қазақстан – Норвегия матчы хард төсенішінде өтеді

Е.Рыбакина ресейлік Вероника Кудерметовамен бірге жартылай финалда украиналық Людмила Киченок – латвиялық Елена Остапенкомен кездесті.

Қазақстандық-ресейлік жұп 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Бәсеке 1 сағат 15 минутқа созылды.

Матч барысында Рыбакина мен Кудерметова 3 эйс жасап, 14 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Қарсыластары 8 брейк-пойнттың үшеуін өз есептеріне жазды.

Е.Рыбакина мен В.Кудерметова финалда доданың екінші ракеткалары, тайбэйлік Се Шувэй – бельгиялық Элиза Мертенспен бас жүлдені сарапқа салады.

Қазақстандық теннисші жұптық сында осындай деңгейдегі жарыста алғаш рет финалға шығып отыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Денис Евсеевтің Испаниядағы турнирдің ширек финалына өткенін, Елена Рыбакинаның жұптық сында Индиан-Уэллс жарысының жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT