+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Теннис: Елена Рыбакина жұптық рейтингіде бірден 47 саты жоғары көтерілді

2021 жылғы 18 қазан 10:51
Бөлісіңіз:
Теннис: Елена Рыбакина жұптық рейтингіде бірден 47 саты жоғары көтерілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Теннистен Дэвис кубогы: Қазақстанның  ширек финалдағы қарсыласы анықталды Зарина Дияс WTA-ның үздік 100 спортшысы тізімінен шығып қалды Оралда 9-13 жастағы балалар алғаш рет көкпар сайысына түсті

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жекелей рейтингіде 16-дан 17-орынға сырғыды.

Юлия Путинцева да 43-тен 44-ке жайғасты. Есесіне Зарина Дияс 108-ден 104-орынға көтеріліп, үздік жүздікке жақындап келеді.

Өткен аптада жұптық сында ресейлік Вероника Кудерметовамен бірге Индиан-Уэллс турнирінің финалына дейін жеткен Елена Рыбакина бірден 47 саты жоғарылап, қазір 48-орында тұр. Анна Данилина да 84-тен 81-ге көтерілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның жұптық сында Индиан-Уэллс жарысының финалында жеңіліп қалғанын, қазақстандық теннисшілердің Мәскеуде Кремль кубогында бақ сынайтынын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық жас теннисшілер Арменияда өткен турнирдің жеңімпазы атанды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT