Теннис: Елена Рыбакина Юрмала турнирін жеңіспен бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Елена Рыбакина Юрмала (Латвия) WTA турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүйсенбіде дүниежүзілік рейтингте 65-орынға көтерілген Е.Рыбакина алғашқы айналымда әлемнің 154-ракеткасы, қытайлық Хань Син-Юньмен кездесті.

Қазақстандық теннисші небәрі 50 минутқа созылған матчта 6:1, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Е.Рыбакина ширек финалға шығу үшін 2017 жылғы Ролан Гаррос турнирінің жеңімпазы, әлемнің 83-ракеткасы, латвиялық Елена Остапенко немесе рейтингте 74-сатыдағы америкалық Бернарда Пераның біреуімен таласады.

Жүлде қоры 250 мың еуро болатын Юрмала турнирі 28 шілдеде мәреге жетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Бухарест жарысының жеңімпазы атанғанын, Александр Бубликтің Ньюпорт турнирінің финалында жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.

Әлемнің 71-ракеткасы А.Бублик Атланта (АҚШ) ATP додасының бірінші айналымында рейтингте 57-орындағы америкалық Рейлли Опелкамен күш сынасуда.

Соңғы жаңалықтар