Теннис: Елена Рыбакина Санкт-Петербург турнирінің финалына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Санкт-Петербург WTA тургирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Е.Рыбакина жартылай финалда әлемнің 21-ракеткасы, грекиялық Мария Саккаримен кездесті.

Бірінші партияда грекиялық спортшы 6:3 есебімен басым түссе, екіншісінде Елена есе қайырды - 7:5.

Үшінші,шешуші сетте қазақстандық теннисші бет қаратқан жоқ - 6:1.

Бәсеке 1 сағат 55 минутқа созылды.

Е.Рыбакина финалда әлемнің 8-ракеткасы, нидерландылық Кики Бертенс немесе рейтингте 28-сатыда тұрған ресейлік Екатерина Александрованың біреуімен бас жүлдені сарапқа салады.

Алдағы дүйсенбіде жаңартылатын рейтингте Е.Рыбакина қазақстандық қыздар арасында алғаш рет үздік 20 теннисшінің қатарына кіреді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Е.Рыбакинаның Санкт-Петербург жарысының жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар