+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Теннис: Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирін жеңіспен бастады

2021 жылғы 30 мамыр 19:11
Бөлісіңіз:
Теннис: Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирін жеңіспен бастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 22-ракеткасы Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда зейнеткерлер арасында спартакиада өтті Теннис: Тимофей Скатов ATP рейтингісінде рекордтық көрсеткішке қол жеткізді Гандболдан ҚР әйелдер құрамасы Азия чемпионатында 3-орын алды

Франция ашық чемпионатының 21-ракеткасы болып тіркелген Е.Рыбакина алғашқы айналымда рейтингте 493- орында тұрған франциялық Эльза Жакмомен кездесті.

Қазақстандық теннисші 21-де болса, «Үлкен дулыға» жарысын ұйымдастырушылардан арнайы шақырту алған қарсыласы 18-де еді.

Бірінші партияда есеп 3:3 болған мезетте жанкүйерлері қолдаған корт иесі брейк жасап кетті. Дегенмен бұдан кейін Е.Рыбакина қатарынан үш геймді өз есебіне жазды – 6:4.

Екінші сетте қазақстандық теннисші брейкпен алға шықты –2:0. Бұдан кейін франциялық спортшы қайыра брейк жасағанымен, Елена есепті 4:1-ге жеткізді. Тағы бір брейк –5:1. Содан соң бірінші матчболын сәтті пайдалана білді – 6:1.

Бәсеке 1 сағат 12 минутқа созылды.

Е.Рыбакина екінші айналымда әлемнің 82-ракеткасы,жапониялық Нао Хибино немесе рейтингте 87-сатыдағы сербиялық Нина Стояновичтің біреуімен кортқа шығады.

Өткен жылы Е.Рыбакина екінші айналымда франциялық Фиона Ферроға жол берген еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Шымкент турнирінің финалына шыққанын, Ролан Гаррос турнирі басталатынын жазған болатынбыз.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT