Теннис: Елена Рыбакина мен Зарина Дияс рейтингіде жоғары көтерілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар Елена Рыбакина мен Зарина Дияс бүгін жаңартылған WTA рейтингісінде жоғары көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Қазақстанның бірінші ракеткасы Е.Рыбакина 23-тен 22- сатыға жоғарылады.

Еленаның үздік көрсеткіші 17-орын болатын. Юлия Путинцева 30-орнында қалса, Зарина Дияс 90-нан 89-ға көтерілді.

Рейтингіде үздік үштікте бұрынғыша аустралиялық Эшли Барти, жапониялық Наоми Осака, румыниялық Симона Халеп келеді.

Жұптық сында Галина Воскобоева 87-ден 86-ға, Анна Данилина 128-ден 127-ге, Ю.Путинцева 192-ден 189-ға жайғасты.

Ерлер арасында ATP рейтингісінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 42-ден 43-ке, Дмитрий Попко 181-ден 182-ге сырғыса, Михаил Кукушкин 106-дан 104-ке көтерілді.

Әлемдік рейтингіде сербиялық Новак Джокович көш бастаса, кеше Барселона турнирінде жеңімпаз атанған испаниялық Рафаэль Надаль ресейлік Даниил Медведевті ығыстырып, екінші орынға шықты.

Жұптық сында Андрей Голубев 82-інші, Михаил Кукушкин 92-інші, Александр Недовесов 103-орнын сақтап қалса, А.Бублик 101-ден 100-ге жоғарылады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зара Дәркеннің Сербиядағы турнирде чемпион атанғанын, А.Бубликтің Эшторил жарысындағы қарсыласы анықталғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар