+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Теннис: Елена Рыбакина Мадрид турнирінің үшінші айналымына шыға алмады

2021 жылғы 3 мамыр 00:50
Бөлісіңіз:
Теннис: Елена Рыбакина Мадрид турнирінің үшінші айналымына шыға алмады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 22-ракеткасы Елена Рыбакина Мадрид WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Футболдан Еуропа чемпионаты: Испания мен Швеция құрамалары тең түсті Қазақстандық футболшы Еуропа чемпионаты турниріндегі үздік 10 ойыншы тізіміне енді Су добынан әлемдік әйелдер лигасы: Қазақстан суперфиналда жеңілді

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 16-ыншы, осы айтулы доданың 13-ракеткасы, бельгиялық Элиза Мертенспен күш сынасты.

Тартысты өрбіген матч барысында бірінші партияда Э.Мертенстің тай-брейкте бағы жанды – 7:6 (7:4).

Екінші сетте де бельгиялық теннисші сәттірек ойнады – 7:5.

Бәсеке 2 сағат 15 минутқа созылды.

Э.Мертенс ширек финалға шығу үшін әлемнің 3-ракеткасы, румыниялық Симона Халеппен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің АҚШ-тағы турнирдің жеңімпазы атанғанын, Александр Бубликтің Мадрид мастерс жарысының екінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Жібек Құламбаева Мысырдағы турнирде чемпион атанды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT