Теннис: Елена Рыбакина Истбурн турнирінің финалына шыға алмай қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Елена Рыбакина Истбурн (Ұлыбритания) WTA 500 турнирінің финалына шыға алмай қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Рыбакина жартылай финалда 2017 жылғы Ролан Гаррос турнирінің жеңімпазы, латвиялық, әлемнің 43-ракеткасы Елена Остапенкомен шеберлік байқасты.

Латвиялық теннисші 6:4, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта Е.Остапенко 3 эйс жасап, 13 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана алды. Қазақстандық спортшы 6 эйске қол жеткізгенімен, 9 брейк-пойнттың екеуін ғана өз есебіне жазды.

Е.Остапенко финалда әлемнің 27-ракеткасы, эстониялық Анетт Контавейтпен бас жүлдені сарапқа салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстаннан тағы екі теннисші Токио Олимпиадасына жолдама алғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар