Теннис: Елена Рыбакина Индиан-Уэллсте жұптық сында ширек финалға шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның – 1-ші, әлемнің 16-ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллс (АҚШ) WTA 1000 турнирінің жұптық сынында ширек финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Е.Рыбакина ресейлік Вероника Кудерметовамен бірге екінші айналымда чилилік Алекса Гуарачи – америкалық Дезире Кравчикпен шеберлік байқасты.

Қазақстандық-ресейлік жұп бірінші партияда басымдылық танытты – 6:3.

Екінші сетте тай-брейкте чилилік-америкалық жұптың жолы болды – 7:6 (7:2).

Супер тай-брейкте Рыбакина мен Кудерметова қарсыластарына бірде-бір ұпай берген жоқ – 10:0.

Қазақстандық-ресейлік жұп 1 сағат 43 минутқа созылған тартысты матч барысында 3 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсыластары 2 брейктен (7 брейк-пойнт) аса алмады.

Е.Рыбакина мен В.Кудерметова жартылай финалға шығу үшін чехиялықтар Мария Боузкова – Луция Градецкаямен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Индиан-Уэллс турнирінің үшінші айналымына шыққанын, Зарина Диястың әлемнің бесінші ракеткасына жол бергенін, сондай-ақ қазақстандық теннисшінің Тунисте жеңімпаз атанғанын жазған болатынбыз.

Ю.Путинцева Индиан-Уэллсте төртінші айналымға шыға алмады.


Соңғы жаңалықтар