Теннис: Елена Рыбакина Бухарест турнирінің жартылай финалына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Елена Рыбакина Бухарест WTA турнирінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 106-орында тұрған Е.Рыбакина ширек финалда осы турнирдің екінші, әлемнің 54-ракеткасы, словакиялық Виктория Кузьмовамен күш сынасты.

Бірінші партия тартысты өрбіп, тай-брейкте қазақстандық теннисші басым түсті – 7:6 (7:4).

Екінші сетте Рыбакина есесін жібермеді – 6:3.

Бәсеке сағат жарымға созылды.

Е.Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 132-ракеткасы, чехиялық Барбора Крейчикова немесе рейтингте 211-сатыдағы италиялық Мартина Ди Джузеппенің біреуімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Андрей Голубев пен Александр Недовесовтің жұптық сында Нұр-Сұлтан жарысының жартылай финалына шыққанын және бүгін финалына өткенін жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар