+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Теннис: Елена Рыбакина әлемнің 1-ракеткасына жол берді

2020 жылғы 24 қаңтар 08:33
Бөлісіңіз:
Теннис: Елена Рыбакина әлемнің 1-ракеткасына жол берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 26-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының төртінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Үлкен теннистен Федерация кубогы: Қазақстан Белгияға бір ұпай беріп қойды Теннис: Бублик Монпелье турнирінің екінші айналымына шықты Теннис: Қазақстандық теннисшілерді ұтқан жұп Аустралия чемпионы атанды

Е.Рыбакина үшінші айналымда әлемнің 1-ракеткасы, аустралиялық Эшли Бартимен шеберлік байқасты.

Аустралиялық спортшы 20 жастағы қазақстандық теннисшіні 6:3, 6:2 есебімен ұтты.

Бәсеке 1 сағат 19 минутқа созылды.

Э.Барти ширек финалға шығу үшін америкалық Элисон Риске немесе германиялық Юлия Гергестің біреуімен таласады.

Осылайша Аустралия біріншілігіне алғаш қатысып отырғанына қарамастан, үшінші айналымға дейін жеткен Е.Рыбакина жекелей сында жарыс жолынан шығып қалды. Дегенмен ол жұптық сында тағы бір қазақстандық Зарина Дияспен бірге өз бағын сынайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Аустралия чемпионатының үшінші айналымына шыққанын, Юлия Путинцеваның әлемнің 25-ракеткасын жеңгенін, Қазақстан тарихында тұңғыш рет үш бірдей теннисшінің «Үлкен дулыға» турнирінің үшінші айналымына өткенін жазған болатынбыз.






Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT