+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Теннис: Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде 21-орынға көтерілді

2021 жылғы 14 маусым 10:54
Бөлісіңіз:
Теннис: Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде 21-орынға көтерілді

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші ракеткасы әлемдік рейтингіде 21-орынға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Олимпиада басталғалы бері жарысқа және оны ұйымдастыруға қатысушы 246 адамнан КВИ анықталды Токио-2020: 1 тамыздағы қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі Елена Рыбакина Токио Олимпиадасында төртікке енді

Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) дүйсенбіде жаңартылған рейтингісінде Ролан Гаррос турнирінің ширек финалына дейін жеткен Е.Рыбакина 22-ден 21-сатыға шықты.

Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева 43-тен 42-ге көтерілсе, Зарина Дияс 93-тен 102-ге сырғып кетті.

Дүниежүзілік рейтингте бұрынғыша аустралиялық Эшли Барти көш бастаса, жапониялық Наоми Осака екінші, румыниялық Симона Халеп үшінші орында келеді.

Ерлер арасында әлемдік рейтингіде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 37-ден 39-сатыға сырғыса, Михаил Кукушкин 106-дан 105-ке, Дмитрий Попко 197-ден 186-ға жоғарылады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық жас теннисшінің Грузияда өткен турнирдің чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT