Теннис: Джокович Аустралия біріншілігінің тоғыз дүркін чемпионы атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлемнің 1-ракеткасы, сербиялық Новак Джокович Аустралия ашық чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Н.Джокович финалда ресейлік, дүниежүзілік рейтингте 4-орында тұрған Даниил Медведевпен бас жүлдені сарапқа салды.

Сербиялық теннисші осыған дейін «Үлкен дулыға» турнирлерінде 17, соның ішінде Аустралия ашық чемпионатында 8 рет үздік шыққан еді. Ал ресейлік спортшы 2019 жылы АҚШ ашық чемпионатының финалына дейін жетіп, онда испаниялық Рафаэль Надальға есе жіберген еді.

Бұл жолы Н.Джокович 7:5, 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Сөйтіп ол Аустралия біріншілігінің тоғыз дүркін чемпионы атанды.

Бұл чемпионатта ресейлік, рейтингте 114-сатыда тұрған Аслан Карацев айды аспанға шығарды. Карацев іріктеу сайысынан негізгі турнирге жолдама алып, онда жартылай финалға дейін жетіп, ол да Н.Джоковичке жол берді.

Алдағы дүйсенбіде жаңартылатын рейтингте Д.Медведев үздік үштікке, А.Карацев 50 теннисшінің қатарына кіреді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Недовесовтің Нұр-Сұлтан турнирін жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар