+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Теннис: Дмитрий Попко Ролан Гаррос турнирінде ұтылып қалды

2020 жылғы 24 қыркүйек 23:56
Бөлісіңіз:
Теннис: Дмитрий Попко Ролан Гаррос турнирінде ұтылып қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Дмитрий Попко Ролан Гарростың негізгі турниріне өте алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Александр Бублик әлемдегі үздік елу теннисшінің қатарына қайта кірді Теннис: Бублик жұптық сында Санкт-Петербург турнирінің финалына шыға алмады ҚХЛ: «Барыс» «Ак Барсты» алты жылдан кейін жеңді

Дүниежүзілік рейтингте 170-орында тұрған Д.Попко іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 155-ракеткасы, эквадорлық Эмилио Гомеспен кездесті.

Қазақстандық теннисші бірінші партияда 4:2 есебімен алға шығып, оны тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:2.

Екінші сетте керісінше эквадорлық спортшы ойын тізгінін қолға алды – 4:2. Ол сол басымдылығын сақтап қала алды – 6:4.

Үшінші, шешуші партияда есеп 5:5 болған мезетте Э.Гомес брейк жасап кетті – 6:5. Дегенмен Д.Попко да қалыспай, қайыра брейкке қол жеткізді – 6:6. Тай-брейкте эквадорлық теннисші жеңіске жетті – 7:6 (7:1).

Тартысты бәсеке 2 сағат 31 минутқа созылды.

Осылайша биыл 24-ке толатын Д.Попко іріктеу сайыстарының финалында жеңіліс тауып, «Үлкен дулыға» турнирінен сырт қалды.

Париждегі Ролан Гаррос жарысы (жүлде қоры – 38 млн еуро) 27 қыркүйек – 11 қазан аралығында өтеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Д.Попконың Ролан Гаррос турнирі іріктеу сайысының финалына, ал А.Бубликтің Гамбургте ширек финалға өткенін жазған болатынбыз.

Бүгін Е.Рыбакина Страсбург турнирінің жартылай финалына шықты.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT