Теннис: Дмитрий Попко Лиссабон турнирінің финалына өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық, әлемнің 187-ракеткасы Дмитрий Попко Лиссабон челленджер турнирінің финалына өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Д.Попко жартылай финалда әлемнің 116-ыншы, жарыстың 3-ракеткасы, франциялық Хьюго Гастонмен кортқа шықты.

Қазақстандық теннисші 1 сағат 20 минутқа созылған матчта 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Бәсеке барысында Д.Попко 2 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың тең жартысын пайдалана білді. Қарсыласы 1 эйс, 2 брейктен (4 брейк-пойнт) аса алмады.

Д.Попко финалда дүниежүзілік рейтингте 258-сатыда тұрған италиялық Андреа Пеллегриномен бас жүлде үшін таласады.

Италиялық теннисші жартылай финалда әлемнің 122-ракеткасы, словакиялық Андрей Мартинмен кездесті. Есеп 6:7 (5:7), 0:1 болған кезде Мартин матчты жалғастырудан бас тартты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дмитрий Попконың Лиссабон турнирінің, Елена Рыбакина Чикаго жарысының жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Юлия Путинцева Astana Open турнирінің финалында жеңіліп қалды.





Соңғы жаңалықтар