Теннис: Дмитрий Попко Бразилиядағы турнирдің ширек финалына өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Дмитрий Попко Бразилиядағы Кампинас челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемнің 172-інші, осы доданың 8-ракеткасы Д.Попко екі кездесуін сәтті өткізді.

Алғашқы айналымда қазақстандық теннисші үш сағаттан астам уақытқа созылған тартысты бәсекеде рейтингте 376-орында тұрған аргентиналық Тиаго Аугистин Тирантені 5:7, 7:5, 6:2 есебімен ұтты.

Екінші айналымда әлемнің 196-ракеткасы, бразилиялық Жоан Менезешті 6:2, 7:5 есебімен тізе бүктірді. Бұл матч 1 сағат 37 минутқа созылды.

Д.Попко жартылай финалға шығу үшін әлемнің 117-інші, турнирдің 4-ракеткасы, колумбиялық Даниэль Элахи Галан Ривероспен таласады.

Кампинас қаласындағы жарыс 6 желтоқсан күні мәреге жетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дмитрий Попконың Бразилиядағы турнирдің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сан-Паулу қаласында өткен бұл додада қазақстандық теннисші ширек финалдан аса алмады. Ол кейін осы турнирде жеңімпаз атанған бразилиялық Фелипе Мелигени Родригес Алвеске жол берді.


Соңғы жаңалықтар