+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Теннис: Дмитрий Попко Аустралия чемпионатында іріктеу сайыстарының финалына шықты

2020 жылғы 17 қаңтар 10:42
Бөлісіңіз:
Теннис: Дмитрий Попко Аустралия чемпионатында іріктеу сайыстарының финалына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Дмитрий Попко Аустралия ашық чемпионаты іріктеу сайыстарының финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Теннис: Путинцева Римде Италия ашық чемпионатының жартылай финалына шыға алмады Теннисші Юлия Путинцева Рим турнирінің ширек финалына шықты Теннис: Путинцева мен Рыбакина Римде өзара кездесіп, ширек финал жолдамасын сарапқа салады

Дүниежүзілік рейтингте 184-орында тұрған Д.Попко іріктеу сайыстарының жартылай финалында әлемнің 197-ракеткасы, франциялық Энцо Кокомен кездесті.

Бұған дейін Аустралия ашық біріншілігінің іріктеу сайысын сәтті бастаған қазақстандық теннисші бірінші партияда басым түсті – 6:3.

Екінші сетте франциялық спортшы дәл сондай есеппен есе қайырды – 6:3.

Үшінші, шешуші партияда Д.Попко матчты өз пайдасына шеше білді – 6:3.

Тартысты бәсеке 1 сағат 53 минутқа созылды.

Д.Попко іріктеу сайыстарының финалында рейтингте 229-орындағы, 21 жастағы франциялық Эллиот Беншетримен шеберлік байқасады. Ол бүгін рейтингте 104-сатыда тұрған, іріктеу сайыстарының 4-ракеткасы болып тіркелген финляндиялық Эмил Руусувуориді 6:4, 0:6, 7:6 (10:3) есебімен ұтты.

Қазақстандық спортшы Э.Беншетриді жеңсе, 20 қаңтарда басталатын негізгі додаға жолдама алады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Хобарт турнирінің жартылай финалына шыққанын, Аустралия ашық чемпионатында қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталғанын жазған болатынбыз.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT