+7 (701) 759 90 19
USD 426.39 EUR 504.16
RUB 5.87 CNY 66.28
Jańalyqtar

Теннис: Дмитрий Попко Алматы турнирінің финалына шыға алмады

2021 жылғы 12 маусым 17:09
Бөлісіңіз:
Теннис: Дмитрий Попко Алматы турнирінің финалына шыға алмады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық, әлемнің 195- ракеткасы Дмитрий Попко Алматы челленджер турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
UEFA Конференция лигасы: «Қайрат» «Омониямен» тең түсті Спорттық құзға өрмелеуден ӘЧ: қазақстандық екі спортшы финалға шықты Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде жағдайын жақсартты

Осы жарыстың 6-ракеткасы болып тіркелген Д.Попко жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 259-орында тұрған бельгиялық Зизу Бергспен күш сынасты.

Бірінші партияны Д.Попко брейкпен бастағанымен, қарсыласы теңестіріп отырды. Дегенмен 6:5 есебімен алға шыққан қазақстандық теннисші өз геймін ала білді – 7:5.

Екінші сетті 22 жастағы бельгиялық спортшы өз есебіне жазды – 6:3.

Үшінші, шешуші партияда З.Бергс 5:1 есебімен алға кетті.

Осыдан кейін Д.Попко жарысты жалғастырудан бас тартты. Бәсеке 2 сағаттан астам уақытқа созылды.

Бельгиялық теннисші финалда тағы бір қазақстандық Тимофей Скатовпен кортқа шығады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Братиславадағы турнирдің, Т.Скатовтың Алматы жарысының финалына шыққанын жазған болатынбыз.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT