Теннис: Дмитрий Попко АҚШ-тағы турнирдің жеңімпазы атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Дмитрий Попко АҚШ-та Ориндж-Парк ITF турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 620-орында тұрған Д.Попко финалда осы турнирдің төртінші, әлемнің 557-ракеткасы, аргентиналық Агустин Велоттимен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Қазақстандық теннисші 6:0, 5:7, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Финалдық бәсеке екі сағаттан астам уақытқа созылды.

Д.Попко жартылай финалда доминикандық Хосе Оливаресті

6:2, 6:1 есебімен ұтқан еді.

Бұл жарыстың жүлде қоры - 15 мың АҚШ доллары.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Д.Попконың АҚШ-тағы тағы бір турнирдің жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.

Ал әйелдер арасында Федерация кубогы үшін Лондонда өткен матчта Қазақстан құрамасы Ұлыбританиядан жеңіліп қалды.

Оның алдында бірінші корт иелері жеңіске жетіп, Ю.Путинцева таразы басын теңестіргенімен, ұлыбританиялықтар қайта алға шыққан еді.

Соңғы жаңалықтар