+7 (701) 759 90 19
USD 389.34 EUR 428.78
RUB 6.05 CNY 55.45
Jańalyqtar

Теннис: Дмитрий Попко АҚШ-тағы турнирдің жеңімпазы атанды

2019 жылғы 14 сәуір 23:44
Бөлісіңіз:
Теннис: Дмитрий Попко АҚШ-тағы турнирдің жеңімпазы атанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко АҚШ-тағы Санрайз ITF турнирінің финалында америкалық Себастьян Кордамен күш сынасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Д.Попко дүниежүзілік рейтингте 623-орында тұрса, қарсыласы 515-сатыда еді.

Дмитрий биыл 23-ке, С.Корда 19 жасқа толады. Сондықтан төменгі орында жүрген теннисшілер ITF турнирлерін сәтті өткізсе, рейтингісі көтеріліп, бірте-бірте бәсі әлдеқайда жоғары жарыстарға шыға алады.

Бірінші партияда Д.Попко доп берген үшінші гейм тартысты өрбіді. Дегенмен Дмитрий өз геймін бермей, содан кейін брейк жасап, алға шықты - 3:1. Тағы бір брейк - 5:1. Бұдан кейін С.Корда есепті қысқарта алғанымен, қазақстандық теннисші одан әріге жіберген жоқ - 6:3.

Екінші сетте есеп 4:3 болған мезетте америкалық теннисші брейк жасай білді - 5:3. Ақыры ол қарымта қайырды - 6:3.

Үшінші, шешуші партияда есеп 3:3 болғанда, С.Корда брейкке қол жеткізді. Попко да қалыспады - 4:4. Ақыры матчты тағы бір брейкпен бітірді - 6:4.

Нағыз финалға тән тартысты бәсеке 2 сағат 23 минутқа созылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дмитрий Попконың АҚШ-тағы ITF турнирінің финалына шыққанын, қазақстандық Галина Воскобоева мен ресейлік Вероника Кудерметованың Лугано турнирінің финалына дейін жетіп, жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT