Теннис: Дмитрий Попко АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Дмитрий Попко Орландо (АҚШ) челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемнің 172-ракеткасы Д.Попко екі кездесуін жеңіспен тәмамдады.

Қазақстандық теннисші алдымен рейтингте 245-орында тұрған америкалық Ной Рубинді 6:1, 6:2 есебімен оңай ұтты.

Ал рейтингте небәрі 954-сатыда тұрған тағы бір америкалық Закари Свайдпен өткен тартысты матч үш сағаттан астам уақытқа созылды. Мұнда Д.Попко 7:5, 1:6, 7:5 есебімен қарсыласының меселін қайырды.

Д.Попко жартылай финалға шығу үшін әлемнің 137-ракеткасы, үндістандық Праджнеш Гуннесваранмен таласады.

Жұптық сында турнирдің 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандықтар Андрей Голубев пен Александр Недовесов та ширек финалға шықты. Олар ресейлік Теймураз Габашвили мен америкалық Денис Новиковті 6:7 (4:7), 6:2, 10:5 есебімен тізе бүктірді. Енді жартылай финалға шығу үшін Д.Попко мен канадалық Питер Полански жұбымен кездеседі. Д.Попко мен П.Полански бұған дейін америкалықтар Кристофер Юбэнкс пен Брендон Накашиманы 3:6, 6:2, 10:6 есебімен жолдан тайдырды.

Соңғы жаңалықтар