Теннис: Дмитрий Попко АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко АҚШ-тағы Веро Бич ITF турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дмитрий Попко жартылай финалда америкалық Пол Остербанмен шеберлік байқасты.

Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 608-орында тұрса, қарсыласы 682-сатыда еді.

Дмитрий Попко 6:2, 6:1 есебімен айқын басымдылықпен жеңіске жетті.

Қазақстандық теннисші финалда тағы бір америкалық, осы турнирдің екінші, әлемнің 400-ракеткасы Секу Бангура немесе Эквадор елінің өкілі Диего Идальгоның біреуімен чемпиондық атақ үшін сынға түседі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дмитрий Попконың аталмыш жарыстың жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Әйелдер арасында Зарина Дияс Жапониядағы жарыстың ширек, жартылай финалдарынан өтіп, соңғы бәсекеге жолдама алды. Ал Юлия Путинцева Мадрид турнирін жеңіспен бастады.

Соңғы жаңалықтар