Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.80 EUR 429.27
RUB 5.78 CNY 54.89
Jańalyqtar

Теннис: Дмитрий Попко АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты

2019 жылғы 13 сәуір 21:26 1683
Бөлісіңіз:
Теннис: Дмитрий Попко АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко АҚШ-тағы Санрайз ITF турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 623-орында тұрған Д.Попко АҚШ өкілі, әлемнің 566-ракеткасы Александер Ришармен күш сынасты.

Бірінші партияда есеп 4:3 болып тұрған мезетте Дмитрий брейк жасай білді - 5:3. Содан кейін өз геймін құр жіберген жоқ - 6:3.

Екінші сетте Попко бірден брейк жасап, өз геймін де алды - 2:0. Әйтсе де Ришар қарап қалмай, таразы басын теңестірді - 2:2. Дегенмен Денис басымдылығын қалпына келтірді - 4:2. Тағы бір брейк - 5:2. Сосын өзі доп бергенде, нүкте қойды - 6:2.

Бәсеке 1 сағат 3 минутқа созылды.

Қазақстандық спортшы финалда рейтингте 515-орындағы америкалық Себастьян Корда немесе әлемнің 349-ыншы, турнирдің 2-ракеткасы, колумбиялық Алехандр Гонсалестің біреуімен чемпиондық атақ үшін кортқа шығады.

Жартылай финалға дейін қазақстандық спортшы әуелі америкалық Кристиан Элшонды 6:0, 7:5 есебімен тізе бүктірген еді.

Екінші айналымда әлемнің 336-ыншы, осы турнирдің 1-ракеткасы, тағы бір америкалық Стефан Козловтың меселін қайырды (7:5, 6:3).

Ширек финалда Д.Попко жарыстың 6-ракеткасы, рейтингте 444-сатыда тұрған америкалық Харрисон Адамсты үш сағатқа жуық уақытқа созылған аса тартысты матчта 6:4, 4:6, 6:3 есебімен ұтты.

Бұл жарыстың жүлде қоры - 15 мың АҚШ доллары.

Теннисші осындай ITF турнирлерінде сәтті өнер көрсетсе, кейін бәсі жоғары додаларға жолдама алады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстанның бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Михаил Кукушкиннің Монте-Карло турниріндегі қарсыласы анықталғанын жазған болатынбыз. Ал Галина Воскобоева мен ресейлік Вероника Кудерметова жұптық сында Лугано турнирінің жартылай, содан кейін финалына шықты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT