Теннис: Денис Евсеев жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің ширек финалына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Денис Евсеев өзбекстандық Денис Истоминмен бірге жұптық сында елордада өтіп жатқан Forte Challenger 100 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қос Денис бастапқы кездесуін португалиялық Фредерику Феррейра Силва – чехиялық Томаш Махачпен өткізді.
Бірінші партияда португалиялық-чехиялық жұп 6:3 есебімен басым түссе, екіншісінде Евсеев пен Истомин есе қайырды – 7:5. Содан кейін тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 10:7.
Бәсеке 1 сағат 22 минутқа созылды.
Д.Евсеев пен Д.Истомин жартылай финалға шығу үшін осы жарыстың 4-ракеткалары болып тіркелген канадалықтар Петер Полански – Брейден Шнурмен таласады. Бұл екеуі қазақстандықтар Тимофей Скатов пен Доштанбек Ташболатовты 6:2, 6:1 есебімен оңай жеңді.
Қазақстандықтардың жекелей сында бүгін де жолы болған жоқ. Алдымен Д.Евсеев өзбекстандық Д.Истоминге 7:6 (8:6), 3:6, 3:6 есебімен есе жіберді.
Тағы бір қазақстандық Дмитрий Попко америкалық Улисс Бланчпен шеберлік байқасты. Әуелі У.Бланч 6:4 есебімен басымдылық танытса, екінші сетте Д.Попко есе қайырды – 6:2. Шешуші, үшінші партия барысында Д.Попко қарсыласын қуып жеткенімен, тай-брейкте жеңісті уысынан шығарып алды – 6:7 (7:9).
Осылайша жекелей сында Қазақстаннан Д.Ташболатов қана қалды. Ол ертең алғашқы айналымда осы доданың 4-ракеткасы, үндістандық Праджнеш Гуннесваранмен кортқа шығады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ю.Путинцеваның Аделаида турнирінің екінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.
- Хоккей: «Барыс» соңғы турда «Авангардқа» есе жіберді
- Елордада 156 мың АҚШ доллары жүлде қорымен теннис турнирі өтеді
- Теннис: Александр Бублик Сингапур турнирінің финалына шықты
- Жапония келесі айдан бастап Олимпиада спортшылары үшін шекараны ашуы мүмкін
-
Теннис: Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жеңімпазы атанды
-
Стенд атудан Қазақстан құрамасы әлем кубогі кезеңінде қола еншіледі
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам