Теннис: Денис Евсеев ITF Futures турнирінде жеңімпаз атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Түркияның Анталия қаласында өткен жүлде қоры $15 000 болатын ITF Futures халықаралық турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның теннис федерациясына сілтеме жасап.

Халықаралық турнирдің финалында қазақстандық теннисші Швейцариядан келген Вульнета Ташиді 6:1,6:0 есебімен ойсырата жеңді.

Бұдан бұрын қазақстандық турнирдің жартылай финалында неміс теннисшісі Поул Вернерден үш сетте (6:2,3:6,7:5) басым түскен еді.

Ол ширек финалда түрік спортшысы Ченгиз Акчуді 6:3,4:6,6:3 есебімен жеңді. Сондай-ақ, екінші айналым мачында қазақстандық ресейлік Дмитрий Воронинді 6:3,7:5 есебімен ұтқан. Қазақстандық теннисші бастапқы матчта неміс спортшысы Никлас Шеллді үйіне қайтарған болатын. Матчтың нәтижесі - 6:2,6:4.

Бұл Денис Евсеевтің ITF Futures турнирі сериясындағы 5-ші (жеке разрядта) және осы маусымдағы төртінші  титулы. 

Соңғы жаңалықтар