Теннис: Денис Евсеев Испаниядағы турнирдің ширек финалына өтті
2021 жылғы 13 қазан 19:16

Теннис: Денис Евсеев Испаниядағы турнирдің ширек финалына өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Денис Евсеев Испаниядағы Аликанте челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 406-орында тұрған Д.Евсеев екінші айналымда әлемнің 224-ракеткасы, өзбекстандық Денис Истоминмен күш сынасты.

Бірінші партияда өзбекстандық теннисші 3:0 есебімен алға кеткенімен, Евсеев оны қуып жетіп қана қоймай, сәтті бітірді – 7:5.

Екінші сетте де брейк жасаған Евсеев 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта Д.Евсеев 14 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Қарсыласы 1 брейкпен шектелді.

Д.Евсеев жартылай финалға шығу үшін әлемнің 138-інші, осы жарыстың 3-ракеткасы, германиялық Оскар Оттемен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Денис Евсеевтің Испаниядағы турнирдің екінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.




Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT