Теннис: Бублик Уимблдонның іріктеу турнирін сәтті бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Қазақстандық теннисші Александр Бублик Уимблдонның іріктеу турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемнің 141-інші ракеткасы А.Бублик дүниежүзілік рейтингте 166-ыншы орында тұрған словакиялық Андрей Мартинмен кездесті.

Аса тартысты матчта қазақстандық теннисші 2:6, 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Кездесу 2 сағат 1 минутқа созылды.

А.Бублик іріктеу сайысының жартылай финалында франциялық Бенджамин Бонзи немесе жапониялық Юсуке Ватанукидің бірімен шеберлік байқасады. Содан кейін финалға өтіп, онда қарсыласын ұтса, негізгі турнирге жолдама алады.

Айта кетейік, Уимблдон жарысы - төрт «Үлкен дулыға» турнирінің бірі. Негізгі турнир алдағы аптада басталады. 

Соңғы жаңалықтар