+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

Теннис: Бублик Сингапур турнирін жеңіспен бастады

2021 жылғы 24 ақпан 18:28
Бөлісіңіз:
Теннис: Бублик Сингапур турнирін жеңіспен бастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 46-ракеткасы Александр Бублик Сингапур ATP турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Теннис: "Қазақстан-Аргентина" матчында таразы басы қайта теңесті Теннис: "Қазақстан–Аргентина" матчында Рыбакина командасын алға шығарды Қазақстандық теннисшілер Хорватиядағы турнирдің финалына шыға алмады

Осы доданың 4-ракеткасы болып тіркеліп, турнирді екінші айналымнан бастаған А.Бублик бастапқы кездесуін түркиялық, рейтингте 302-орында тұрған Алтуг Челикбилекпен өткізді.

Қазақстандық теннисші негізгі турнирге іріктеу сайыстарынан кейін қосылған қарсыласын 6:2, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

А.Бублик жартылай финалға шығу үшін жапониялық, әлемнің 61-ракеткасы Йосихито Нисиокамен таласады.

Жүлде қоры 361 800 АҚШ долларына бағаланған Сингапур додасы 28 ақпанда мәреге жетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Денис Евсеевтің жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің ширек финалына шыққанын, ал Ю.Путинцеваның Аделаида додасында жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.

Ал Д.Попко мен А.Недовесов Нұр-Сұлтан турниріндегі жұптық кездесулерін сәтті өткізді.







Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT