-
ОНЛАЙН:
Теннис: Бублик Роттердамда әлемнің жетінші ракеткасын ұтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 43-ракеткасы Александр Бублик Роттердам (Нидерланды) ATP 500 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін әлемнің жетінші, осы доданың 3-ракеткасы, германиялық Александр Зверевпен өткізді.
А.Бублик 1 сағат 18 минутқа созылған матчта 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстандық теннисші бәсеке барысында 5 эйс, 4 брейк жасай алды.
А.Бублик ширек финалға шығу үшін рейтингте 56-орында тұрған америкалық Томми Пол немесе әлемнің 35-ракеткасы, италиялық Лоренцо Сонегоның біреуімен таласады.
Жалпы жүлде қоры 1 млн 117,9 мың еуроға бағаланған айтулы жарыс 7 наурызда мәреге жетеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Нұр-Сұлтан турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.
- Елордада сегізінші веломаусым басталады
- Футболдан Чемпиондар лигасы: «Бавария» жартылай финалға шыға алмады
- Футзалдан Еуропа чемпионаты: Финалдық кезеңге жолдама алған құрамалар анықталды
- Теннис: Бублик Монте-Карло мастерс турнирінде жеңіліп қалды
-
Футбол: «Ақжайық» пен «Ақтөбе» сырт алаңда жеңіске жетті
-
Футболдан Қазақстан біріншілігі: Бүгін бесінші тур ойындары басталады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам