+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Теннис: Бублик Роттердам турнирінің ширек финалына шыға алмады

2020 жылғы 13 ақпан 20:32
Бөлісіңіз:
Теннис: Бублик Роттердам турнирінің ширек финалына шыға алмады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 56-ракеткасы Александр Бублик Роттердам (Нидерланды) ATP турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық боксшы үш атақты қорғағаннан кейін IBF-тің үздік ондығына кірді Бүкіләлемдік таеквондо федерациясы Үміт эстафетасын бастады Чемпиондар Лигасы: «Барселона» мен «Бавария» жарысты жалғастырады

А.Бублик екінші айналымда әлемнің 15-інші, осы жарыстың 7-ракеткасы, ресейлік Александр Бубликпен кездесті.

Ресейлік теннисші 1 сағат 9 минутқа созылған матчта 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

А.Рублев төрт рет эйс жасап, 5 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. А.Бубликтің еншісінде 12 эйс болғанымен, бірде-бір брейкке қол жеткізе алмады.

Жүлде қоры 2,1 млн еуродан асатын доданың жартылай финалына шығу үшін А.Рублев канадалық Вашек Поспишил немесе сербиялық Филип Краиновичтің біреуімен таласады.

Бұл жарыста өткен жылы финалда швейцариялық Стэн Вавринканы сүріндірген франциялық Гаэль Монфис жеңімпаз атанған болатын.

Биыл да қатысып жатқан Г.Монфис алғашқы айналымда қазақстандық Михаил Кукушкинді ұтқан отандасы Жиль Симонмен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Санкт-Петербург турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT