+7 (701) 759 90 19
USD 430.51 EUR 505.72
RUB 5.51 CNY 64.14
Jańalyqtar

Теннис: Бублик Ролан Гаррос турнирінде ұтылып қалды

2020 жылғы 30 қыркүйек 22:38
Бөлісіңіз:
Теннис: Бублик Ролан Гаррос турнирінде ұтылып қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 49-ракеткасы Александр Бублик Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына өте алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бастапқы кездесуінде әлемнің 9-ракеткасы, франциялық Гаэль Монфисті ұтып, күтпеген нәтиже көрсеткен қазақстандық теннисші сол жеңісті жолын жалғастыра алмады.

Бұл жолы А.Бубликке әлемнің 46-ракеткасы, италиялық Лоренцо Сонего қарсы тұрды.

Бірінші партия қарсыластар қатты тіресіп, тай-брейкке дейін жетті, онда Л.Сонего әбжілдік танытты – 7:6 (10:8).

Италиялық теннисші екінші сетті оңай алды – 6:1.

Үшінші партияда есеп 5:3 болып, Сонего матчқа доп бергенде, Бублик брейк жасай алды. Алайда қарсыласы матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 7:5.

Біршама тартысты өрбіген ойын 2 сағат 24 минутқа созылды.

Л.Сонего үшінші айналымда әлемнің 30-ракеткасы, америкалық Тейлор Фритцпен күш сынасады. Ол молдовалық Раду Алботты 6:3, 6:2, 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша Франция ашық чемпионатында жекелей сында Қазақстаннан Елена Рыбакина ғана қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Е.Рыбакинаның турнирді сәтті бастағанын , ал З.Диястың жеңіліп қал ып, Ю.Путинцеваның үшінші айналымға шыға алма ғанын жазған болатынбыз.

Бүгін М.Кукушкин де жарыс жолынан шығып қалды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT