Теннис: Бублик пен Кукушкин жұбы Аустралия чемпионатының үшінші айналымына өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар Александр Бублик пен Михаил Кукушкин жұптық сында Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық жұп екінші айналымда оңтүстіккореялықтар Джи Сун Нам мен Мин-Кю Сонгпен күш сынасты.

Бірінші партия тай-брейкке дейін жетіп, онда оңтүстіккореялық жұптың жолы болды - 7:6 (7:3).

Есесіне одан кейін Бублик пен Кукушкин екі сетте 6:4, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Тартысты бәсеке 2 сағат 14 минутқа созылды.

Қазақстандықтар үшінші айналымда америкалықтар Стив Джонсон мен Сэм Куэрри немесе ұлыбританиялықтар Джейми Маррей мен Нил Скупскидің қай жеңгенімен кортқа шығады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Дияс пен Елена Рыбакинаның жұптық сында екінші айналымға шыққанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар