Теннис: Бублик Ньюпорт турнирін сәтті бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисші Александр Бублик Ньюпорт (АҚШ) ATP турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 83-орында тұрған А.Бублик алғашқы айналымда әлемнің 150-ракеткасы, аустралиялық Алекс Болтпен шеберлік байқасты.

Осы турнирдің 7-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші 6:4, 2:6, 7:6 (7:4) есебімен жеңіске жетті.

Тартысты матч екі сағатқа жуық уақытқа созылды.

Көгал төсенішінде өтіп жатқан доданың екінші айналымында А.Бублик рейтингте 167-орындағы сербиялық Виктор Троицки немесе әлемнің 127-ракеткасы, тайбэйлік Джейсон Джангтің біреуімен кездеседі.

Ньюпорт турнирі 21 шілдеде мәреге жетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Бухарест турнирін жеңіспен бастағанын, Денис Евсеевтің Нұр-Сұлтан жарысының екінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар