Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

Теннис: Бублик Ньюпорт турнирін сәтті бастады

2019 жылғы 17 шілде 01:06
Бөлісіңіз:
Теннис: Бублик Ньюпорт турнирін сәтті бастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисші Александр Бублик Ньюпорт (АҚШ) ATP турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Теннис: Зарина Дияс US Open турнирінде әлемнің 2-ракеткасымен кездеседі Теннис: Рыбакина US Open турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады Теннистен Азияның командалық біріншілігінде қазақстандық қыздар жеңімпаз атанды

Дүниежүзілік рейтингте 83-орында тұрған А.Бублик алғашқы айналымда әлемнің 150-ракеткасы, аустралиялық Алекс Болтпен шеберлік байқасты.

Осы турнирдің 7-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші 6:4, 2:6, 7:6 (7:4) есебімен жеңіске жетті.

Тартысты матч екі сағатқа жуық уақытқа созылды.

Көгал төсенішінде өтіп жатқан доданың екінші айналымында А.Бублик рейтингте 167-орындағы сербиялық Виктор Троицки немесе әлемнің 127-ракеткасы, тайбэйлік Джейсон Джангтің біреуімен кездеседі.

Ньюпорт турнирі 21 шілдеде мәреге жетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Бухарест турнирін жеңіспен бастағанын, Денис Евсеевтің Нұр-Сұлтан жарысының екінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT