Теннис: Бублик Монпелье турнирінің ширек финалына шыға алмады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 54-ракеткасы Александр Бублик Франциядағы Монпелье турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

А.Бублик екінші айналымда әлемнің оныншы, осы жарыстың 2-ракеткасы, бельгиялық Давид Гоффенмен кездесті.

Бірінші партияда бельгиялық теннисші брейк жасап, басымдылық көрсете білді – 6:3.

Екінші сет әлдеқайда тартысты өрбіп, ақыры тай-брейкке тірелді. Мұнда да Д.Гоффен әбжілдік танытты – 7:6 (11:9).

Бәсеке 1 сағат 46 минутқа созылды.

Бельгиялық спортшы жартылай финалға шығу үшін әлемнің 21-ракеткасы, канадалық Феликс Оже-Альяссим немесе франциялық Пьер-Юг Эрбердің біреуімен таласады.

Жүлде қоры 606 мың еуродан асатын дода 9 ақпанда мәреге жетіп, жеңімпаз анықталады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Федерация кубогы күшін Қазақстан – Бельгия матчының жеребесі тартылғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар