Теннис: Бублик Мексикадағы турнирдің ширек финалына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Александр Бублик Мексикадағы Леон челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Турнирдің 1-ракеткасы, әлемдік рейтингте 98-ракеткасы А.Бублик екінші кездесунде рейтингте 295-сатыда тұрған сербиялық Данило Петровичпен күш сынасты.

Тартысты өрбіген бірінші партияда қазақстандық теннисші 7:6 (7:0) есебімен жеңіске жетті.

Екінші сет те А.Бубликтің есебіне жазылды - 7:5.

Матч 1 сағат 23 минутқа созылды.

А.Бублик жартылай финалға шығу үшін әлемнің 207-ракеткасы, эквадорлық Роберто Куироспен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Бубликтің Мексикадағы турнирді сәтті бастағанын жазған болатынбыз.

Ал Қазақстанның бірінші, әлемнің 40-ракеткасы Михаил Кукушкин Будапешт турнирінің екінші айналымына өте алмады.

Ал әйелдер арасында қазақстандық Елена Рыбакина Ыстанбұлдың негізгі турниріне жолдама алып, одан кейін екінші айналымға өтіп, ширек финалға шықты.

Ол бүгін әлемнің 47-ракеткасы, тәжірибелі чехиялық теннисші Барбора Стрыцовамен кортқа шығады.

Соңғы жаңалықтар