Теннис: Бублик Майамидің негізгі турниріне өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисшіАлександр Бублик Майамиде (АҚШ) негізгі турнирге жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші іріктеу сайысының финалында ұлыбританиялық Дэниел Эванспен күш сынасты.

А.Бублик дүниежүзілік рейтингте 131-орында болса, қарсыласы 97-сатыда.

Қазақстандық спортшы Д.Эванстан бірінші партияда 6:4 есебімен басым түсті.

Екінші сетте есеп 5:4 болған мезетте А.Бублик брейк жасай білді - 6:4.

Бәсеке бір жарым сағатқа жуық уақытқа созылды.

Осылайша, 21 жастағы А.Бублик жүлде қоры 8,3 млн АҚШ долларынан асатын Майами турнирінің негізгі жарысына жолдама алады. Бұдан бұрын челленджер турнирлерінде жеңіске жетіп жүрген Александр Бублик үшін бұл жақсы нәтиже деуге болады. Енді ол негізгі турнирде сәтті өнер көрсетсе, рейтингте жоғарылай түсері анық.

Қазіргі кезде Қазақстанның бірінші, әлемнің 43-ракеткасы Михаил Кукушкин негізгі турнирде аргентиналық, рейтингте 80-орындағы Гвидо Андреоццимен шеберлік байқасуда.

Әйелдер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Юлия Путинцева алғашқы айналымда бельгиялық, рейтингте 56-орында тұрған Кирстен Флипкенспен кездесуде.

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 92-ракеткасы Зарина Дияс іріктеу сайыстарынан аса алмады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Михаил Кукушкиннің АҚШ-тағы Финикс турнирінің финалында есе жібергенін, ал А.Бубликтің Майамиде іріктеу сайысын сәтті бастағанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар