Теннис: Бублик Майами турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Александр Бублик Майами турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші жартылай финалда литвалық Ричардас Биранкиспен күш сынасты.

А.Бублик дүниежүзілік рейтингте 131-орында болса, қарсыласы 82-сатыда еді. Соған қарамастан, Александр матч барысында таразы басын өзіне аудара біліп, 7:5, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Бәсеке сағат жарымға созылды.

А.Бублик енді іріктеу сайысының финалында әлемнің 97-ракеткасы, ұлыбританиялық Дэниел Эванспен күш сынасады. Оны жеңсе, жүлде қоры 8,3 млн АҚШ долларынан асатын негізгі турнирге жолдама алады.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 43-ракеткасы Михаил Кукушкин негізгі турнирде аргентиналық, рейтингте 80-орындағы Гвидо Андреоццимен кортқа шығады.

Әйелдер арасында Майами турнирінде іріктеу сайысының жартылай финалында қазақстандық, әлемнің 92-ракеткасы Зарина Дияс, өкінішке қарай, Польша елінің өкілі, рейтингте 121-орындағы Ига Свёнтектен жеңіліп қалды. Қазақстанның бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Юлия Путинцева жарысты негізгі турнирден бастап, алғашқы айналымда бельгиялық, рейтингте 56-орында тұрған Кирстен Флипкенспен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Михаил Кукушкин АҚШ-тағы Финикс турнирінің финалында есе жіберген еді.

Соңғы жаңалықтар