Теннис: Бублик Майами турнирінің екінші айналымына шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Александр Бублик Майами турнирінің алғашқы айналымында америкалық Теннис Сандгренмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Негізгі турнирге іріктеу сайыстарын сәтті өткізіп, жолдама алған 21 жасар А.Бублик дүниежүзілік рейтингте 131-орында болса, 1991 жылғы тәжірибелі қарсыласы 91-сатыда еді.

Бірінші партияда америкалық спортшы 7:5 есебімен басымдылық көрсетті.

Екінші сетте қазақстандық теннисші 6:4 есебімен есе қайырды.

Үшінші, шешуші партия әлдеқайда тартысты өрбіді. Есеп 6:5 болған мезетте америкалық теннисші матчболын пайдалана алмады. Ақыры матч тағдыры тай-брейкте шешілді - 6:6. Мұнда қазақстандық теннисші басым түсті - 7:5.

Кездесу барысында А.Бублик 15 мәрте эйс жасаса, қарсыласы жетеумен шектелді.

Бәсеке екі сағаттан астам уақытқа созылды.

Қазақстандық спортшы екінші айналымда әлемнің 33-ракеткасы, аустралиялық Ник Кирьоспен кортқа шығады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Бубликтің Майамиде іріктеу сайысын сәтті бастап, негізгі жарысқа жолдама алғанын, ал Юлия Путинцеваның алғашқы кездесуінде жеңіске жеткенін жазған болатынбыз.

Ю.Путинцева екінші айналымда әлемнің 20-ракеткасы, швейцариялық Белинде Бенчичпен шеберлік байқасады.

Соңғы жаңалықтар