Теннис: Бублик Лондон турнирінің алғашқы айналымынан аса алмады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Александр Бублик Лондон ATP турнирінің алғашқы айналымынан аса алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 85-орында тұрған А.Бублик әлемнің 23-ракеткасы, аргентиналық Диего Шварцманмен шеберлік байқасты.

Аргентиналық спортшы бірінші партияда 6:2 есебімен басымдылық танытса, екінші сетте де есесін жібермеді - 6:3.

Бәсеке бір сағатқа жуық уақытқа созылды.

Осылайша А.Бублик өзінің туған күнінде ұтылып қалды. Ол жүлде қоры 2 млн еуродан асатын Лондонның негізгі турниріне іріктеу сайыстары арқылы жолдама алған болатын.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 47-ракеткасы Михаил Кукушкин Лондондағы бастапқы кездесуін ертең рейтингте 65-орындағы франциялық Жереми Шардимен өткізеді.

Ұлыбританияда сонымен қатар әйелдер арасында жүлде қоры 1 млн АҚШ долларынан асатын Бирмингем WTA турнирі де өтіп жатыр. Қазақстанның бірінші, әлемнің 43-ракеткасы Юлия Путинцева ертең алғашқы айналымда рейтингте 157-сатыдағы корт иесі Хэрриет Дартпен ойнайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Лондонда негізгі турнирге жолдама алғанын, Зарина Диястың Манчестер жарысының финалында ұтылып қалғанымен, әлемдік рейтингте 89-орынға көтерілгенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар