+7 (701) 759 90 19
USD 424.49 EUR 504.51
RUB 5.59 CNY 64.57
Jańalyqtar

Теннис: Бублик Гамбургте негізгі турнирге өте алмады

2020 жылғы 20 қыркүйек 21:15
Бөлісіңіз:
Теннис: Бублик Гамбургте негізгі турнирге өте алмады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 56-ракеткасы Александр Бублик Гамбург ATP жарысында жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ҚХЛ: «Барыс» қатарынан бесінші рет жеңілді Данияр Елеусінов чемпиондық белдікке таласатын жекпе-жегі қашан өтетінін айтты Бүгін бокстан Қазақстан біріншілігі жалауын көтереді

А.Бублик іріктеу сайыстарының финалында рейтингте өзінен үш саты төмен тұрған америкалық Томми Полмен кездесті.

Америкалық теннисші 6:4, 6:4 есебімен екі сетте жеңіске жетті.

Бәсеке 1 сағат 7 минутқа созылды.

Осылайша А.Бублик жүлде қоры 1,7 млн еуродан асатын Гамбург додасының негізгі турниріне шыға алмай қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Е.Рыбакина мен З.Диястың Страсбург турнирінде ойнайтынын жазған болатынбыз.

Бүгін Қазақстанның бірінші, әлемнің 18-ракеткасы Елена Рыбакинаның қарсыласы анықталды. Ол алғашқы айналымда рейтингте 110-орында тұрған бельгиялық Гретье Минненмен күш сынасады. Г.Миннен іріктеу сайыстарының финалында чехиялық Михаэла Байерлованы 6:2, 6:2 есебімен ұтты.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT