Теннис: Бублик Франциядағы жарыстың жартылай финалына шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Александр Бублик Франциядағы Рау челенджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 153-орында тұрған қазақстандық спортшы ширек финалда корт иесі, әлемнің 222-ракеткасы Максим Жанвьемен күш сынасты.

А.Бублик бірінші партияда үш бірдей брейк жасап, айқын басымдылықпен ұтты - 6:1.

Екінші сет әлдеқайда тартысты өрбіді. Есеп 6:5 болып тұрған мезетте А.Бублик қос бірдей матчболды пайдалана алмады. Дегенмен үшіншісін мүлт жіберген жоқ - 7:5.

Бәсеке 1 сағат 15 минутқа созылды.

Қазақстандық теннисші жартылай финалда тағы бір франциялық, осы турнирдің бірінші, әлемнің 125-ракеткасы Грегуар Баррер немесе рейтингте 313-сатыдағы ресейлік Роман Сафиуллиннің бірімен кездеседі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Индиан-Уэллстегі жарысты сәтті бастап, бүгін ширек финалға шыққанын жазған болатынбыз.

Зарина ширек финалда америкалық, әлемдік рейтингте 179-сатыда тұрған Франческа Ди Лоренцомен шеберлік байқасады.

Сондай-ақ Александр Бублик те Франциядағы турнирдің ширек финалына жолдама алған еді.

Соңғы жаңалықтар