Теннис: Бублик Франциядағы турнирдің ширек финалына шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Александр Бублик Францияда өтіп жатқан Рау челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы турнирдің 4-ракеткасы болып тіркелген, әлемдік рейтингте 153-орындағы, 21 жасар А.Бублик үшінші айналымда ұлыбританиялық, 272-сатыда тұрған Ян Чоинскимен кездесті.

Қазақстандық спортшы бірінші партияда 6:4 есебімен басымдылық көрсетті. Екінші сетте де қарсыласына мүмкіндік қалдырған жоқ - 6:2.
Бәсеке бір сағатқа созылды.

А.Бублик жартылай финалға шығу үшін Франция елінің өкілі, әлемнің 222-ракеткасы, өзінен бір жас үлкен Максим Жанвьемен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстанның бірінші, әлемнің 39-ракеткасы Михаил Кукушкиннің жарақатына байланысты Дубай турнирінде ойнаудан бас тартқанын, ал Зарина Диястың Индиан-Уэллстегі челленджер жарысын сәтті бастағанын жазған болатынбыз.

З.Дияс осы турнирдің 8-ракеткасы, рейтингте өзінен он саты жоғары тұрған тәжірибелі эстониялық теннисші Кайя Канепимен ширек финал жолдамасын сарапқа салады.

Соңғы жаңалықтар