Теннис: Айнитдинова мен Құламбаева Нұр-Сұлтан турнирінің екінші айналымына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар Гөзал Айнитдинова мен Жібек Құламбаева Нұр-Сұлтанда Президент кубогы үшін өтіп жатқан ITF турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемдік рейтингте 522-орында тұрған Г.Айнитдинова бастапқы кездесуін осы турнирдің 8-інші, әлемнің 261-ракеткасы, ресейлік Анастасия Гасановамен өткізді.

Аса тартысты өткен матчта Гөзал 7:6 (13:11), 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Бәсеке 2 сағат 31 минутқа созылды.

Г.Айнитдинова екінші айналымда рейтингте 448-орындағы германиялық Вивиан Хайзенмен шеберлік байқасады.

Жібек Құламбаеваның тағы бір ресейлік, әлемнің 376-ракеткасы Екатерина Яшинамен кездесуі де тартысты болды.

Екі сағатқа созылған матчта Жібек 1:6, 7:6 (8:6), 6:1 есебімен басым түсті.

Енді Ж.Құламбаева осы турнирдің бірінші ракеткасы болып тіркелген, рейтингте 104-орындағы чехиялық Мария Боузковамен шеберлік байқасады.

М.Боузкова бүгін тағы бір қазақстандық Анна Данилинаны 7:5, 6:2 есебімен ұтты. Ал Екатерина Дмитриченко ресейлік Анастасия Захароваға 3:6, 2:6 есебімен жол берді. Дарья Детковская сербиялық Наталия Костичтен (1:6, 2:6) аса алмады.

Осылайша әйелдер арасында жекелей сында Қазақстаннан Г.Айнитдинова мен Ж.Құламбаева ғана қалды.


Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Ньюпорт додасын сәтті бастағанын, АлександрНедовесовтің Нұр-Сұлтан жарысының үшінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар