Теннис: Аустралия ашық чемпионатында Елена Рыбакина мен Зарина Дияс өзара кездеседі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жылдың алғашқы «Үлкен дулыға» турнирі – Аустралия ашық чемпионатының жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 13-ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы айналымда отандасы, дүниежүзілік рейтингте 108-орында тұрған Зарина Дияспен кездеседі.

Әлемнің 43-ракеткасы Юлия Путинцева рейтингте 110-сатыдағы франциялық Хармони Танды сынап көреді.

Өткен жылы Ю.Путинцева төртінші, З.Дияс үшінші, Е.Рыбакина екінші айналымға дейін жеткен еді.

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 35-ракеткасы Александр Бубликтің қарсыласы кейін анықталады. Тағы үш қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалынан өтсе, А.Бубликтің қатарына қосылып қалуы мүмкін.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Сидней турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз. Содан кейіне А.Данилина Сидней турнирінің жартылай финалына шықты.





Соңғы жаңалықтар