USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Теннис: Анна Данилина Сидней турнирінің жеңімпазы атанды

2022 жылғы 15 қаңтар 10:01
Бөлісіңіз:
Теннис: Анна Данилина Сидней турнирінің жеңімпазы атанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында Сидней WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Australian Open: Анна Данилина жұптық сында жартылай финалға шықты Дэвис кубогы: Қазақстан – Норвегия матчы хард төсенішінде өтеді Australian Open: Андрей Голубев аралас сында ширек финалға шыға алмады

А.Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге соңғы бәсееде германиялық Вивиан Хайзер - мажарстандық Панна Удвардимен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші партияда германиялық-мажарстандық жұп басымдылық көрсетті - 6:4.

Екінші сетте Анна мен Беатрис брейкпен алға шықты - 2:0. Ақыры сол басымдылығын сақтай алды - 7:5.

Супер тай-брейкте де олар 4:0 есебімен алға кетті. Ойын соңында әлденеше матчболды пайдалана алмағанымен, жеңіспен тәмамдады - 10:8.

1 сағат 36 минутқа созылған кездесуде қарсыластар қос-қостан брейк жасады.

Осылайша Анна Данилина жұптық сында спорттық жолында алғаш рет WTA 500 жарысының чемпионы атанды. Енді ол Аустралия ашық чемпионатында өнер көрсетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Сидней турнирінің финалына шыққанын, Аустралия ашық чемпионатында қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталғанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT